«Бір күнде 10 000 гүл» акциясы.
🌸 «Бір күнде 10 000 гүл» акциясы аясында оқушылар мен мектеп қызметкерлері аумақты көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты. Мектеп ауласына гүлдер отырғызылып, гүлзарлар мен мектеп аумағы ретке келтірілді. Бірлескен еңбектің арқасында біз мектебімізді және туған өлкемізді көркейтіп, оны одан әрі жайлы әрі жасыл мекенге айналдырудамыз! 🌿✨

#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #ЖасылЕл #ЗеленаяСтрана #БіргеКөркейтеміз
«Қамқор» акциясы
«Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында волонтерлік және экологиялық бастамаларды дамытуға бағытталған облыстық «Қамқор» акциясы өтті. 🌿 Оқушылар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, игі әрі пайдалы істерге белсенді қатысты.

«Түлектер аллеясы» акциясы
🌱 Дәстүр – әрбір ағашта, болашақ – әрқайсымыздың қолымызда! Біздің түлектер облыстық «Түлектер аллеясы» акциясына қатысты! Бұл аллея мектептегі жарқын жылдардың, сүйікті сыныптың естелігіне айналып, туған мектебімізді көркейтуге қосылған тамаша үлес болмақ. Жылдар өткен соң түлектер қайта оралып, өздері отырғызған ағаштардың қалай өскенін көре алады! 🌳✨